Танымал әнші Элтон Джон Лондон вокзалы жолаушылары үшін күтпеген жерден концерт қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал британдық әнші Элтон Джон Лондондағы Сент-Панкрас вокзалының келушілерін тосыннан шығарған концертпен таңқалдырды.

Mirror басылымының хабарлауынша, музыкант теміржол стансасына келіп, пианиномен Rocket Man композициясының инструменталдық нұсқасын орындады.

Әртістің жан-жағына сол мезетте адамдар көптеп жинала қалды, көрермендер тосыннан басталған концертті ұялы телефондарының таспаларына түсіре бастаған. Элтон Джон ойнауын аяқтап, пианинодан тұрып, музыкалық аспапта: «Бұл пианиноны қабыл етіңіз! Бұл сыйлық. Элтон Джон» деген қолтаңбасын қалдырып кетті.

Элтон Джонның бұл өнер көрсетуі 5 ақпанда музыканттың Wonderful Crazy Night атты жаңа альбомының шығуымен тұспа-тұс келді.