Агенттік тілшісімен телефон арқылы сөйлесу барысында танымал актер қоғамдық орындарда міндетті түрде маска тағып, антисептик қолдану қажеттігін әрі әлеуметтік ара қашықтық сақталуы тиістігін баса айтты.
«Адам баласындағы ең бағалы құндылық - денсаулық. Қазақ «Құдай қор қылмасын« дейді. Ал сақтықта қорлық жоқ. Деніміз сау болып, сақ жүрейік, ағайын», - деді Нұржан Тұтов.
Сонымен қатар ол пандемия таяу уақытта аяқталып, қалыпты өмірге қайта оралатындығымызға сенімді екендігін атап өтті.