Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев спортшыларға Рио-де-Жанейрода өтетін байрақты бәсекеде сәттілік тіледі.
" Барша Қазақстанның үмітін арқалап, додаға дайындалып жүргендерге тек жеңіс тілеймін", - деді Мейрам Бегентаев. Өз кезегінде мотобайкер Дмитрий Петрухин павлодарлық жұртшылықпен қауышқанына ризашылығын жеткізді. - Бұл акция 6 шілде күні Алматыдан басталды. Кеше Семей қаласында болдым. Бүгін Павлодар қаласында шеру жасап, кешкісін Екібастұзға жол жүремін. Киелі қалада бірнеше күн жүруге де болатын еді, алайда маған 5 тамызға дейін үлгеру қажет. Себебі, сол күні барлық халық теледидардың алдына отырып, спортшыларға қолдау көрсету керек. Қазақстан бар әлемге өзінің мықтылығын дәлелдей білу керек. Тек қана алға! - деп сөзін аяқтады Дмитрий Петрухин.
Кездесу барысында Мейрам Бегентаев байкерге естелік кітаптарын сыйға тартты.
17:03, 13 Шілде 2016
Танымал байкер Дмитрий Петрухин Олимпиада спортшыларын қолдап шеру жасады - Павлодар
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін әлемге танымал байкер Дмитрий Петрухин Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Олимпиада және паралимпиада спортшыларын қолдау мақсатында Павлодар қаласында шеру жасады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.