Оның қайтыс болғанын туыстары хабарлады. Мирус Ифтер тыныс жолдары дертінен шалдыққан.
Мирус Ифтер ХХ ғасырдың көрнекті спортшыларының бірі. Мәскеудегі Олимпиада ойындарында 5 000 метр және 10 000 метр қашықтықта жеңіске жеткен. Мирус Олимпиада-80 жеңіл атлеттік турниріндегі жасы келген қатысушылардың бірі болды - ол кезде 36-да еді. Сондай-ақ, Мирус Ифтер Олимпиада-72-де 10 000 метр қашықтықта қола медаль еншіледі.