Ресейлік фотограф ерекше суреттерін түсіру үшін ешкім тұрмайтын ауылды толығымен жағып жіберді. Онымен қоймай, қаңырап қалған шіркеулерді қара түске бояп, өз өнерін басқа қырынан көрсетуге тырысқан. Дегенмен, оның бұл әрекеті қоғам наразылығын туғызды. Өлкетанушылар, құқық қорғаушылар, блогерлер мен журналистер байбалам салып, жас фотографты қылмыстық жазаға тартуды талап етті.
Қазіргі кезде желі қолданушылары Ткаченконың өз фотоларын қай жерде жасағанын таппай отыр. Оны фотографтың өзі де жария еткен жоқ.
Айта кеткен жөн, 28 жастағы Данила Ткаченко - Кандинский атындағы сыйлықтың номинанты. Бұдан бөлек, World Press Photo премиясының лауреаты атанған.