Танымал ғалым және қоғам қайраткері Сәкен Өзбекұлы дүниеден озды

АСТАНА. Шілденің 20-сы. ҚазАқпарат - Сенбі, шілденің 18-і күні заң ғылымдарының докторы, ҚР Гуманитарлық ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі, ҚР Журналистер одағының мүшесі, Орталық Азия университетінің проректоры Сәкен Өзбекұлы дүниеден озды. Ол 58 жаста болатын,

   деп хабарлады  Орталық Азия университетінің баспасөз қызметінен.

 С.Өзбекұлы 2004  жылдан  бері    Қазақстан Заң  ғылымдары академиясының  президенті болды.  Ол  сондай-ақ,   заңгерлік  саладағы   көптеген    еңбектердің авторы.   Қазақстандағы адам құқықтарын қорғауға арналған   ғылыми  топтамасы  үшін С.Өзбекұлы  Абай атындағы  сыйлықпен  атап өтілген еді.  Қазақстанның  жоғарғы  білімінің  тарихында    ғалым алғаш  рет   оқу бағдарламасын  әзірлеп,   Қазақтың әл-Фараби  атындағы   ұлттық университетінде    «Мұсылман    құқығы»  пәні  бойынша дәріс оқыған.

 С.Өзбекұлы  сондай-ақ,   1986   жылғы  желтоқсан оқиғасын   тексерумен  айналысқан   үкіметтік  комиссияның  жұмысына   үлкен үлес қосқан.   ҚР  Конституциялық  соты  сараптау комиссиясының мүшесі  болған   кезде,  ол    жазықсыз  сотталғандарды  ақтау  және  оларды    қамаудан босату   үшін көп істер атқарды.

 Сәкен Өзбекұлы  миллиондаған қазақстандықтардың  жүрегінде   сақталады.