Бұл туралы боксшы өзінің қуанышын Instagram желісінде өлеңдетіп жазды.
«Иә, Алла көрдім бе, көрмедім бе?!
Иә, Тәңірім, бердің бе, бермедің бе?!
Шырылдаған үніңнен айналайын,
Шыныменен өмірге келгенің бе?!
Қызым болсаң - қырымда құралайсың,
Ұлым болсаң - ұлы бір мұрадайсың.
Естисің бе, есі жоқ, ей, дүние,
Менен неге сүйінші сұрамайсың?!
Аллаға шүкір! Алланың жақсылығы ғой. Бүгін әке болдым! Дүниеге қызым келді! Өзім АҚШ-та болсам да сүйінші, Қазақ елі!», - деп жазды.
Естеріңізге сала кетейік, Жанқош Тұраров 26 мамырда АҚШ-тың Флорида қаласында кезекті айқасын өткізу үшін дайындық үстінде. Ол жартылай орта салмақ дәрежесінде мексикалық Густаво Гарибаймен қолғап түйістіреді. Сондай-ақ, бұл күні бірінші орта салмақта WBO Intercontinental және WBA Fedelatin белбеулерінің иегері қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (WBO NABA және WBA Intercontinental) қарсыласы мексикалық Норберто Гонсалеспен жекпе-жекке шығады.