Қытайдан келген қандастарымыз Алматыға тәжірибе алмасу мақсатында оқу-жаттығу жиынын өткізген.
Осы оқу-жаттығу жиыны барысында Шəрібаев қытайдан келген қазақ боксшыларының өнеріне дән риза болып, «Aidar Classis» бокс клубында қонақтарына ақ дастархан жайып, құраманың бас бапкеріне қазақтың дәстүрлі салты бойынша шапан жапты.
Шəрібаев өзінің Инстаграм парақшасында: «Қытайдан келген команда бапкеріне ата салтымызбен шапан жауып, сыйлықтар табыстадық. Құрама сапындағы қазақ бауырларымыз дəн риза болып қайтты. «Aidar Classis» бокс клубының ашылғанына бір-ақ жылдан асса да, біршама игі шаралар өткізіп үлгердік. Алла ісімізге береке беріп, бұйырса, биыл да көптеген мақсатымызға қол жеткіземіз», - деп жазды ол.