Шараға жазушы Әбiш Кекiлбаев, Мырзатай Жолдасбеков, Әкiм Тарази, Әнес Сарай, мәжiлiс депутаты Оразкүл Асанғазы, Алтыншаш Жағанова, Роза Мұқанова, Дархан Мыңбай, Серiк Тұрғынбек және өзгелерi қатысты.
"Бүгiн барша мұсылман жұртқа қасиеттi Ораза айт мерекесi келдi. Бiр ай бойы иман еткендер ауыз бекiттi. Сондықтан Рамазан айының аяқталуына орай, бiз елге елеулi азаматтарымыздың басын қосып, оларға дәстүр бойынша арнайы дастархан жайдық. Бiздiң арамызда жоқ атақты ақын-жазушыларға құран бағышталады. Бiз оларды тағы бiр еске алдық", - дейдi Ұлттық академиялық кiтапхана директоры Үмiтхан Мұңалбаева.