Танымал қазақстандық әнші Динара Қайырқожаны ұрып, тонап кетті

АСТАНА. 2 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстандық әнші Динара Қайырқожаны үйінің тура кіреберісінде біреулер ұрып, тонап кетті,

деп хабарлайды BNews.kz тілшісі әншінің өзіне сілтеме жасап.

«Кешке жұмыстан келіп, үйімнің кіреберісіне енгенім сол екен, біреулер бетімнен ұрып жіберді. Сөмкемді алып кетті, онда ұялы телефон, ақшасы бар әмиян, жаңа шығармаларым жазылған бірнеше CD диск болған», дейді әнші қыз.

Ол зардап шеккенін айтып, полицияға хабар бермеген.

«Мен бұны кім істеуі мүмкін екенін де білмеймін. Пәтердің кілті сөмкемде кеткендіктен үйіме біраз уақыт бойы кіре алмай әуре болдым. Енді түнде көшеде абайлап жүретін боламын. Жеке күзетші алмақпын», деді Динара Қайырқожа.

Естеріңізге саламыз, Динара Қайырқожа көптеген байқаулардың лауреаты, «Студия 54» тобының әншісі, деп жазады Baq.kz порталы