«Айқастың өтетін күні 18 маусымға ауысты. Дайындық жүріп жатыр. Дүйсенбіге дейін менде демалыс, кішігірім каникул. Жаттығудан толықтай демала аламын. Дүйсенбіден бастап жаттығуға кірісемін», - деп жазды Аида Instagram-парақшасына.
Еске салайық, қазақстандық боксшы қыз кәсіби рингте сегіз жекпе-жек өткізіп, бес рет жеңіске жетті. Екі рет жеңіліс тауып, бір рет тең нәтиже көрсеткен.