Сұлтанғали Қаратаев 1936 жылы 23 маусымда Ақтөбе облысында дүниеге келген. Ұзақ жылдар бойы қазақ радиосында диктор және телеарнада комментатор болған. Қаратаев әріптесі Владимир Толчинскиймен өткен ғасырдың 70-80-жылдары көптеген спорт түрлерінен трансляция жүргізген.
Ол Диас Омаров пен Рабат Жәнібеков сынды аты аңызға айналған комментаторларды тәрбиелеп шығарған.