Сенбілікке қатысушылардың арасында танымал қазақстандық спортшылар, грек-рим, еркін күрес және әйелдер күресі Федерацияларының қызметкерлері болды.
Грек-рим күресінен Афины Олимпиадасының күміс жүлдегері Георгий Цурцумия, дзюдодан Бейжің Олимпиадасының күміс медаль иегері Асқат Жіткеев және таэеквондодан Бейжің Олимпиадасында «қолаға» ие болған Арман Шілманов Астана триатлон саябағында көшеттер отырғызды, деп жазады Sports.kz