Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, «Президент Кубогы-2017» халықаралық турнирінің аясында елордалық «Замандас» аула клубының қатысушылары мен жас теннисшілері үшін қазақстанның үздік спортшылары Андрей Голубев, Дмитрий Попко, Галина Воскобоева, Кәмила Керімбаева, Гозаль Айнитдинова, Анна Данилина және Денис Евсеев шеберлік сабағын өткізеді.
12:11, 19 Шілде 2017
Танымал қазақстандық теннисшілер елордалық жеткіншектерге спорттық шеберліктерін үйретеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 шілдеде Астанадағы Ұлттық теннис орталығында танымал қазақстандық теннисшілер балаларға арналған шеберлік сабағын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.