«Ұзаққа созылған науқастан кейін танымал қазақстандық журналист Константин Бородинов өмірден өтті. Ол 70 жасқа да толған жоқ еді. Ол ҚазТАГ-тың үздік кәсіби репортерлерінің шоғырында болған еді, одан кейін жаңа ҚазАқпарат агенттігін ұйымдастырушылардың бірі болды», - деді журналист Ольга Бабий.
К.Бородиновты жерлеу 12 мамырда өтеді. Марқұммен қоштасу Алматы қалалық ауруханасының жерлеу залында болады.Басталуы - сағат 10:00-да.