Танымал қазақстандықтар балаларын мектепке апарды

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін қазақстандықтар, соның ішінде танымал қоғам қайраткерлері, саясаткерлер мен жұлдыздар білім күнін атап өтуде.  

«ҚазАқпарат» ХАА әлеуметтік желіде күздегі алғашқы мереке - Білім күнінде жарияланған суреттер топтамасын әзірледі.

Саяси және қоғам қайраткер, «Қазақстан» РТРК» Ақ басқарма төрағасы Ерлан Қарин «Бүгін Зере қызымыз мектеп табалдырығын алғаш рет аттап, 1 сыныпқа барды. Ең қызығы, сынып жетекшісі Әсем Әбілғалиқызы осымен үшінші баламызға жетекшілік етіп отыр», деп жазды желідегі парақшасында.

<" width="1" height="1" layout="responsive">

Бүгін танымал қазақстандық тележүргізуші Дана Нұржігіттің ұлы Әлім мектеп табалдырығын аттады.

<" width="1" height="1" layout="responsive">


Нұрлан Қоянбаев қызы Нұрайды бірінші сыныпқа алып барды.

<" width="1" height="1" layout="responsive">