«ҚазАқпарат» ХАА әлеуметтік желіде күздегі алғашқы мереке - Білім күнінде жарияланған суреттер топтамасын әзірледі.
Саяси және қоғам қайраткер, «Қазақстан» РТРК» Ақ басқарма төрағасы Ерлан Қарин «Бүгін Зере қызымыз мектеп табалдырығын алғаш рет аттап, 1 сыныпқа барды. Ең қызығы, сынып жетекшісі Әсем Әбілғалиқызы осымен үшінші баламызға жетекшілік етіп отыр», деп жазды желідегі парақшасында.