Өзінің еңбек жолын соғыс жылдары бастаған Д. Тіналина 22 жыл «Мосфильмде» жұмыс істеп, Қырғызстан, Түрікменстан, Украина және Қазақстанда кино түсірумен айналысқан.
18:45, 02 Ақпан 2011
Танымал кинорежиссер Дариға Тіналина 89 жасында дүниеден озды
АЛМАТЫ. 2 ақпан. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - КСРО кинематографистерінің үздігі, Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері, танымал кинорежиссер Дариға Байжұманқызы Тіналина 89 жасында дүниеден озды.