Танымал музыкант Марат Бисенғалиев өзінің өмірі жайында кітап жазды

АЛМАТЫ. 19 қаңтар. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Әлемге танымал қазақстандық скрипкашы Марат Бисенғалиев «До... Ре...» деп аталатын өзі және музыка жайында кітап жазды.

Оның айтуынша кітап жақында жарық көрмек.

Кітапта автор өзінің көзқарасы бойынша өміріндегі ең қызықты кездерін жазып, жетістігі мен сәтсіздіктеріне баға берген. Кітапқа сонымен қатар, скрипкашының отбасылық мұрағатындағы фотосуреттері, әйгілі музыкалық шолушы Ховард Смиттің эсселері мен оның Марат Бисенғалиев туралы жазған мақалалары кірген. Бұл жарияланымдар Esquere журналында жарық көрген болатын.

Музыка әлемінде өте танымал Марат Бисенғалиевтің жеке өмірі осы кітап жазылғанға дейін жұмбақ болып келген еді. Енді оқырмандар оның жеке өмірімен таныс болмақ.

Танымал скрипкашының мәдени- қоғамдық қоры оқырмандарға, әсіресе, музыка мекемелерінің оқушылары үшін кітаптың бағасы қолжетімді болу үшін қазір кітап сатушы ұйымдармен келіссөздер жүргізуде.