Танымал отандық шоумен Алматыдағы веложолақтың тұйық болуына наразы

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Еліміздегі танымал продюсер, жүргізуші және шоумен Адиль Лиян қаладағы Абай даңғылының бойындағы веложолақтың тұйық болуына наразылық білдірді. Осы кемшілікті жою жөнінде ол қала әкімшілігіне өтініш білдірді.

«Осы веложолақты да шүберекпен бүркеп қоялық, өйткені шетелдіктер алдында ұят қой (...). Бұл Абай көшесіндегі Абылай хан қиылысындағы веложолақ. Неге төмен қарай Құрманғазы көшесіне жетіп, қайтадан Абайға дейін көтерілмеске. Құрметті @akimat_almaty, осы тұйықты жоюларыңызды сұраймын. Рахмет», - деп жазды продюсер Инстаграмдағы парақшасында.

Айта кету керек, оның парақшасына жазылған көптеген желі пайдаланушылары бастаманы қолдады.