Алматы тұрғыны Наталья Батухтина әлеуметтік желіде Әбілқайыр Жарасқан екеуінің арасында болған кикілжің туралы жазған болатын. Оның айтуынша, олар жолды бөлісе алмаған.
Оқиға 9 наурызда Бостандық ауданында болды.
«Полицияға арыз 9 наурызда түскен. Полиция Әбілқайыр Жарасқанның іс-әрекетіне құқықтық баға беріп, соған қарай шара қолданатын болады», - деді ПД баспасөз қызметінен.
Кейінірек Бостандық ауданы полиция басқармасының басшысы Дәурен Өтебаев айыпталушыдан нунчаки атты қару тәркіленгенін айтты.
Фото: www.facebook.com/natalya.batuhtina