Танымал сиқыршы сәтсіз трюктен кейін ауруханадан бір-ақ шықты

АСТАНА. 5 шілде. ҚазАқпарат - Ағайынды сиқыршылар Сафроновтардың бірі Илья Украинадағы Тернопольде сәтсіз трюктен кейін шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.

Илья Сафронов өзге де белгілі әріптестерімен қосылып «Украина чудес» шоуының түсіріліміне қатысып жатқан еді. Ол «Крючок из глаза» трюкін көрсетті, дегенмен нөмірдің ортасына таянған шақта Илья өзін әлсіз сезініп, түсірілімді тоқтатуды өтінген, деп хабарлайды Lenta.ru .

«Жедел жәрдем» оны шұғыл облыстық ауруханаға жеткізді. Әзірге оның жағдайының қандай екендігі белгісіз.