Айта кетейік, «Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалі» елдегі патриотизм мен мәдениет аралық келісімді дамытуға және қоғамдағы бейбітшілік пен келісімнің нығаюына, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға қосқан елеулі үлесі үшін тапсырылады.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының төрайымы Бекбаева Майя Төлегенқызы 1979 жылы Шығыс Қазақстан облысында Семей қаласында дүниеге келген. Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. 2019 жылдан бастап «Kazakh TV» арнасының басшысы қызметін атқарып келеді.