Танымал жұлдызшы, астролог-болжамшы Назарбек Қожамсейітов дүниеден өтті
11:21, 21 Қазан 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі қазақстандық жұлдызшы, ауа райын болжаушы Назарбек Қожамсейітов дүниеден өтті.
Назарбек Қожамсейітов - Алматы ауыл шаруашылығы институтының түлегі, көп жылдар бойы агроном болып қызмет атқарды, Қазақстандағы танымал жұлдызшы, ауа райын ғаламшарлардың орналасуына қарай болжап білетін қасиеті бар.