«Белгілі журналист Дүрәлі Дүйсебай ағамыз өмірден озды деген қаралы хабар естідік... Дүрағамен «Халық сөзі» газетінде бірге қызметтес болдық, ақкөңіл, жан баласына қылдай қиянаты жоқ азамат еді... Қайран, Дүр-ағам-ай! Туған-туыс, достарына, әріптес баршаңызға қайғыға ортақтаса көңіл айтамын. Иманды болсын!», - деп жазды журналист Қуат Әуесбай.
Дүрәлі Дүйсебай – көпшіліке танымал, қаламы қарымды журналист. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде ұзақ жыл қызмет атқарған (1981-1996).
Қарапайым тілшіден бас редактордың орынбасарына дейін көтерілген.
Кейіннен ҚР Мемлкеттік тергеу комитетінің «Қылмыс пен жаза – Преступление и наказание» газетінің бас редакторы болған. ҰҚК-де қызмет атқарған.
Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер одағы және Сейдахмет Бердіқұлов сыйлықтарының иегері.