Келеңсіз жағдай 3 қазанда болған. Сот үкімді бүгін шығарды.
Сотта анықталғандай, қылмыскер бірге ішімдік ішкен танысымен сөзге келіп қалған. Ашу буған ол танысына пышақ сұғып алады. Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған.
«Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылды. Ол тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.