Ведомствоның мәліметінше, ақпанның 6-да Целиноград аудандық ПБ кезекші бөліміне 43 жастағы ер адамнан арыз түскен.
Оның айтуынша, жарты жыл бұрын әйелмен танысып, сол уақыттан бері онымен төсектес болып келген.
«Ақпан айының басында жәбірленушіге қыздың АИТВ бар екені белгілі болады. Кейін 37 жастағы әйелдің бірнеше жылдан бері АИТВ-жұқпасы ретінде есепте тұрғаны анықталады. Ер адам осындай аурумен ауыратынын біле тұра айтпай, оған жұқтырған әйелдің үстінен полицияға арыз берді» делінген хабарламада.
Полиция қызметкерлері әйелдің бойында АИТВ-инфекциясының барын білгенін және өзге адамға жұқтырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертілгенін анықтады.
Полиция әйелдің үстінен Қылмыстық кодекстің 118-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Аталған санкция бойынша 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары жаза қарастырылған.