ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жалағаш ауданының тұрғыны танысының сеніміне кіру арқылы алаяқтық жасаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға барысы былайша өрбіді. Сотталушы Ф. жәбірленуші И-ға өзінің банкоматтық карточкасы бұғатталып қалғанын айтып өтініш білдірген. Өтініші арқылы танысынан жалақысын аударып алу үшін жеке сәйкестендіру нөмірі және банкомат карточкасының 16 цифрлық сандарын алған. Осылайша бөтеннің мүлкін алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен жалған әрекет жасаған. Оны интернет желісіне енгізіп, танысының атына шағын несиені рәсімдеген. Соның салдарынан жәбірленушіге 100 мың теңге мүліктік зиян келтірген.
«Жалағаш аудандық соты сотталушы Ф-ны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп таныды. Оған 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сол мерзімге пробациялық бақылау белгіленді», - делінген Жалағаш аудандық сотының хабарламасында.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.