Белгілі болғандай, сотталушы жəбірленушінің көлік жүргізушісі болып қызмет істеген. Жəбірленушінің ауруханада жатқан сəтін пайдаланған ол арам пиғылын жүзеге асырған. Танысының əмиянынан
банкомат карточкасын жымқырып, жалпы сомасы 2 180 000 ақшасын шешіп алған. "Сот залында айыпталушы кінəсін толықтай мойындады. Мұндай əрекетке барғанына қатты өкінетінін айтып жəбірленушіге келтірілген шығын көлемін толықтай өтеп берді"- делінген баспасөз баянында. Осыған байланысты күдікті азамат ҚР ҚК 188 бабының 3 бөліміне сəйкес кінəлі деп танылды. Аталған қылмысы үшін үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын. Алайда қос тараптың өзара ымыраға келуіне байланысты айыпталушы жазасын шартты түрде өтейтін болады.