MV Spice Island паромы Занзибар аралынан Танзанияға бет алған болатын. Кемеде қанша жолаушы болғаны белгісіз. Куәгерлердің айтуынша, кеме бірнеше жүз адамның артық тиелуі салдарынан суға батып кеткен. Бұған дейін 600-ге тарта жолаушы құтқарылғаны хабарланды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, алдымен кемедегі электр жарығы өшіп қалған. Құтқару жұмыстарын жүргізуге судың тереңдігі және ағыстың күштілігі қиындық келтіруде. Оларға Оңтүстік Африка Респуликасының сүңгуір-құтқарушылары көмекке келді. Танзаниядан 2005 жылы бөлініп шыққан Занзибар өкіметі апат құрбандарына байланысты үш күндік аза тұту жариялады.