Танзания Президентімен қоштасу рәсімі кезінде 45 адам қаза тапты

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 21 наурызда ел президенті Джон Магуфулимен қоштасу рәсімі кезінде Танзанияның ең үлкен қаласы Дар-эс-Саламдағы стадиондағы кептелістен 45 адам қаза тапты, тағы 37 адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Танзанияның The Citizen газетіне сілтеме жасап.

«Адамдар стадионға бекітілген маршрутты айналып өтуге тырысқандықтан қайтыс болды», – деді Дар-эс-Саламның арнайы полиция аймағының қолбасшысы Ласаро Мамбосаса.

Бұған дейін қала билігі бес адамның қаза тапқаны туралы хабарлаған еді.