Танзания жағалауында кеме батып кетті, 27 адам бақилық болды

АСТАНА. 19 шілде. ҚазАқпарат - Сенбі күні, 18 шілдеде Танзанияның жағалауында кеме апатқа ұшырады. Соның салдарынан кем дегенде 27 адам көз жұмды,

 деп хабарлады Би-Би-Си.

Кеме Дар-эс-Салам портынан Занзибар қаласына жүзіп бара жатқан. Оның бортында негізінде рұқсат етілген 250-дің орнына 280-нен астам адам болған.

Қазір құтқару-іздестіру шаралары жүріп жатыр, 145 адам құтқарылып, жағаға жеткізілді. 100-ге жуық адамның тағдыры белгісіз болып қалып отыр.

Апаттың себеп-салдары жөнінде еш мәлімдеме жасалған жоқ, дегемен билік өкілдері кеменің аударылып кету мүмкіндігін жоққа шығарды.