ДАР-ЭС-САЛАМ. Синьхуа-ҚазАқпарат – Танзанияда жолаушылар ұшағы көлге құлады, оның бортында 43 адам болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап.
Жергілікті полиция таратқан мәліметке сәйкес, Танзанияның солтүстік-батысындағы Букоба қаласының әуежайына қонуға бағыт алған ұшақ Виктория көліне құлаған. Апатқа ауа райының қолайсыздығы себеп болған деп хабарланды.
Жолаушылар ұшағы Дар-эс-Салам қаласынан ұшып келе жатқан. Жергілікті билік өкілдері мәлім еткендей, бортта болған 43 адамның 26-сы құтқарылған. Іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталған жоқ.
Сондай-ақ, Кагера аймағының бас дәрігері Исесанда Каникидің айтуынша, апаттан 3 адам қайтыс болған.
Айта кетсек, Италияның оңтүстігінде
туристер мінген тікұшақ апатқа ұшырап, 7 адам көз жұмған еді. Оның екеуі – ұшқыш, біреуі – жедел жәрдем дәрігері және қалған төртеуі – словениялық саяхатшы.
Гүлнұр Ғазизқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын «Қазақ әдебиеті», «Сақшы» газеттерінен бастаған. «Дала мен Қала» республикалық қоғамдық-саяси апталығында тілші, жауапты хатшы болып істеді. «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының тілшісі, «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі, Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары – бас редакторы болды.
Ақпарат саласының үздігі.
«ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылғы 1 сәуірден бастап істейді. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі басқарушы директорының орынбасары – қазақ редакциясының бас редакторы.