Бұл Омо атауына ие болған керік Тарангиредегі ұлттық саябақта тіршілік етеді. Оның бұндай түрде болуы биологиялық ерекшелігіне байланысты деген пікір білдіреді ғалымдар.
Эколог Дерек Лидің хабарлауынша, Омо ақ түсті жалғыз керік. Оның туғанына қазір 15 айдан асты. Өзге жирафтармен бірге тіршілік кешуде. Экологтар мұның түсіне қатты қызығушылық танытып отырған браконьерлерден қауіптенуде, деп хабарлайды billionnews.ru.
02:03, 29 Қаңтар 2016
Танзанияда аса сирек кездесетін ақ керік табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танзанияда зерттеушілерге аса сирек кездесетін ақ керікті (жираф) тауып, оны суретке түсірудің сәті түсті.