Танзанияда бензовоз жарылып, 60 адам қаза болды

Фото: None
МОРОГОРО. ҚазАқпарат – Танзанияда бензовоз жарылып, салдарынан 60 адам мерт болды, тағы 70-і зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Guardian порталына сілтеме жасап.

Басылымныңжазуынша, бензовоз Дар-эс-Саламнан батысқа қарай шамамен 125 миль (200 шақырым)жердегі Морогоро қаласында аударылып, ішіндегі бензин сыртқа төгілген.Жергілікті тұрғындар жанармайды құйып алып жатқан уақытта көлік жарылған.

Әлеуметтікжелілерде тараған видеода бір топ адам төгілген жанар-жағармайды канистрлергежинап жатқаны көрінеді. Кейбір куәгерлердің айтуынша, жарылыс адамдардың біріоқиға орнында шылым тұтатқан кезде болған.

«Алапатөрт болды. Адамдарды құтқару мүмкін емес еді. 65-70 адам құтқарылғанын көрдім.Жалын жылдам тарады», - деді Reuters-ке оқиғаға куә болғандардың бірі ДаниэльНгого.

Танзания ПрезидентіДжон Магуфули осынша халықтың қаза болғанын естіп, есеңгіреп қалғанын мәліметті.

«Үкіметтің ресмиөкілі Хасан Аббаси Тwitter-де: «Морогорода бензовоз жарылып, адамдардың қаза болғанытуралы жаңалықтан қатты күйзелдік», - деп жазды.

Аббасидің сөзінше,ел үкіметі құтқару операциясын үйлестіруге және көз жұмғандардың тұлғасын танужұмыстарына көмек көрсетіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар