Танзанияда Бурундидан келген босқындар лагерінде тырысқақ ауруы өршіп тұр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танзанияда Бурундидан саяси дағдарыс салдарынан кетуге мәжбүр болған мыңдаған адамнан құрылған босқындар лагерінде тырысқақ ауруы тарап отыр, деп хабарлады дүйсенбі күні елдің денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Нсакрис Мвамваджа.

«Біз Танзаниядағы Бурундидан келген босқындар лагерінде тырысқақ ауруы өршіп тұрғанын растай аламыз», - деп жазады министрдің сөздерін Рейтер агенттігі.

Мвамваджидің айтуынша, денсаулық сақтау министрлігі босқындар лагеріне бір топ медициналық мамандарды жібереді.