Зардап шегушілер ауруханаларға жеткізілді. Қаза тапқандардың арасында 12 әскери қызметші мен автобус жүргізушісі бар. Көлік құралының салонында барлығы 63 адам болған.
Апатқа ұшыраған автобус сарбаздарды тасымалдау үшін жалға алынған үш автобустың бірі екендігі белгілі болды. Әскерилер оқу-жаттығу лагеріне бара жатқан.
Алдын ала болжам бойынша, оқиға жылдамдық режімінің дұрыс сақталмауы мен жүргізушінің абайсыздығынан болған.