Көліктерді, қаруларды және әдемі қыздарды ұнатқан 21 жастағы мексикалықтың сүйікті ісі - солармен суретке түсу болған. Агуилардың көршілерінің сөзіне қарағанда, өлер алдында ол өз ауласында қолына тапаншаны алып жүрген. Қарудың оқталғанын ол білмей қалған.
Суретке түсер алдында Агуилар достарымен бірге «ішкен» көрінеді. Олардың бірі Омар Абнер Кампос Вивес қамауға алынды. Көпшілікке Эль Пако есімімен белгілі екінші досы ізін суытып үлгерген.
Мексикалықта оқталған қару қайдан пайда болғаны әзірге белгісіз.