АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей астанасы Мәскеуде үш жасар бала травматикалық тапаншамен ойнап отырып, абайсызда өзін басынан атқан. Құқық қорғау органдарындағы дереккөздің айтуынша, бүлдіршін пәтерде қалдырылған травматикалық тапаншаны тауып алған, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.
Қарумен ойнап отырып, ол өзін-өзі басынан атқан. Сәби балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді.
«Тексеру жүріп жатыр. Баланың әкесінің травматикалық қаруды ұстауға және сақтауға құқының бар-жоқтығы анықталады»,-дейді мәскеулік полицияның баспасөз қызметіндегілер.