«Қазір – ерекше тарихи кезең. Ғылым мен технология ғана емес, қоғамдық қатынастар да түбегейлі өзгеріп жатыр. Мемлекеттердің даму бағдары және басымдықтары басқаша сипат алды. Мұндай кезде батыл әрі жылдам әрекет жасау қажет», - деді Президент.
Мемлекет басшысы арқаны кеңге салып отыруға уақыт жоқ екендігін баса айтты.
«Жүктелген міндеттерді орындау үшін дереу іске кірісу керек. Тапсырмалар мүлтіксіз және уақтылы орындалуға тиіс. Әйтпесе, салдары ауыр болады. Реформалардың нәтижесін әрбір азамат нақты сезінуі қажет. Алдағы жұмыстың басты өлшемі – осы! Баршаңызға табыс тілеймін!», - деп түйіндеді кеңесті Қасым-Жомарт Тоқаев.