Тапсырыс берушілер энергиялық тұрғыда тиімді баспананың құрылысына қызығушылық білдірмей отыр - Александр Белый

АСТАНА. ҚазАқпарат - Энергия тиімділігі нормативтерінің орындалуын қадағалайтын айқын түзілген жүйе қажет. Бұл туралы бүгін Астанада «Қазақстандағы энергиялық тұрғыда тиімді тұрғын үйлерді жобалауды және салуды ілгерілету» халықаралық конференциясында энергиятиімділік бойынша БҰҰДБ/ЖЭҚ және ҚР Үкіметі жобаларының үйлестірушісі Александр Белый мәлім етті.

«Құрылыс нормалары мен ережелерінің және энергриялық тұрғыда тиімділік бойынша нормалардың болуы знергиялық тұрғыда тиімді ғимараттардың салынуына 100 пайыздық кепіл бола алмайды. Нормативтердің орындалуын қадағалайтын айқын түзілген жүйе қажет, яғни энергиялық тиімділік санатын көрсете отырып, құрылысқа берілетін рұқсатнамадан бастап нысанды пайдалануға беруді қабылдауға дейін тиісті бақылау болу керек», - деді А. Белый.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде тапсырыс беруші де және жобалаушы да өз бетімен энергиялық тұрғыда тиімді тұрғын үйлердің құрылысына қызығушылық білдірмейді. Бұған көптеген факторлар ықпал етуде.

«Осы факторлар әзірге құрылыс салушыларды немесе нысан иесін ынталандырмай отыр. Алайда, біздің пайымымызша, мемлекет осы үдерісті реттемесе, онда бұл бағыттағы шаралар созылып кетуі мүмкін», - деді Александр Белый.