Таралымы ең көп басылым - Жапонияда

АСТАНА. 29 маусым. ҚазАқпарат - Интернет дамыған заманда мерзімді басылымдардың, оның ішінде газеттердің тара­лымы әр елде әртүрлі көрініс беріп жатыр.

Мәселен, Еуропа мен АҚШ тұрғындары жаңа­лықты интернет пен телеар­налардан білуге ойысып келе­ді. Ал Азияның кейбір елде­рінде газеттердің тиражы кері­сінше өсіп жатыр. Әлемдегі ең тара­лымды газет болып жа­по­ниялық Yomiuri Shimbu басы­лымы мо­йындалды. Оның бір күндік таралымы 14 миллион 67 мың­ды құрап отыр. Жапо­ния әлем­дегі интернеті дамы­ған елдердің көш басында. Соған қарамастан, газетке де­ген сұраныс жыл са­йын арту үстінде. Ал Гиннес кітабына тіркелген ең көп тара­лым ре­сейлік газетке тиесілі. «Аргу­мен­ты и факты» басылы­мы­ның таралымы 1990 жылы 33 млн 431 мыңға жеткен екен, деп жазады «Алаш айнасы» басылымы.