АСТАНА. 16 сәуір. ҚазАқпарат -Тарантиноның «Бостандыққа шыққан Джанго» атты жаңа фильмінің сюжеті ресми түрде Sony Pictures студиясы мен Вайнштейн ағайындылары компаниясы тарапынан жария етілді,
деп хабарлайды Утро.ру.
АҚШ-тың оңтүстігіндегі плантациядағы қатыгез иелерінен қашып кеткен құлдың басты рөлін "Рэй" лентасы үшін «Оскарды» иеленген музыкант әрі актер Джейми Фокс сомдайды.
Фильмді Тарантино өзінің жеке сценарий желісімен түсірді. Картина АҚШ-та көрермендерге 25 желтоқсанда ұсынылады.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.