Мерекелік шараға еңбек ардагерлері, оқытушылар, дәрігерлер, кәсіпкерлер, әскери қызметшілер, журналистер шақырылды.
«Сіздерді ең әсем, нағыз көктемнің мерекесі - 8 наурызбен құттықтаймын!» - деді Тараз қаласының әкімі Рүстем Дәулет.
Ол әйелдердің қаланың қарқынды дамуына, қоғамдық өмірдің барша саласына сүбелі үлесін қосып келе жатқанын тілге тиек етті.
Мерекеде «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшілерінің ансамблі, сондай-ақ өңірдің танымал әншісі Владимир Сорокин әйелдерге арнап ән шырқады.
Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, осы салаға жарты ғасырлық ғұмырын арнаған, тараздықтар ардақтайтын Любовь Ивановна Накарякова көрсетіліп отырған қамқорлық үшін алғыс білдірді.
Кездесу соңында Тараз қаласының әкімі Рүстем Дәулет қонақтарға гүлдер мен сыйлықтарды тарту етті.
16:21, 06 Наурыз 2018
Тараз әкімі әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараз қаласының әкімдігінде бүгін әйелдерді 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.