Тараз» ӘКК аймақтық экономикалық саясаттың жолсерігі болуы керек

None
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Таразда «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының директорлар кеңесінің бірінші кеңесі өтті, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінен.

Наурыздың 12-сінде облыстардың, Алматы мен Астананың әкімдерімен болған кеңесте Елбасының әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды облыстық әкімдіктердің қарамағына беруді аяқтауға қатысты берген тапсырмасы бойынша, Жамбыл облыстық әкімдігі өз жарғылық капиталымен «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамын туралы шешім қабылдап отыр.

Активтерінің үштен бірін «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына беріп отырған «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы акционерлерінің жалпы жиналысында қабылданнан шешімнен кейін «Тараз» ӘКК» акционерлік қоғамы нақты құрылып отыр. «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының 100 пайыз акцияларының жалғыз акционері - Жамбыл облыстық әкімдігі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Асқар Жалдиновтың айтуынша, директорлар кеңесінің төрағасы болып Мұратбай Жолдасбаев сайланды. Ал ӘКК басқармасының төрайымдылығына Гүльмира Мазмұтова тағайындалып отыр.