Жүргізілген талдау барысында кәсіпкерлік субъектілеріне артықшылық көрсету, жер телімдерін заңсыз беру, алдын ала тиімсіз инвестициялық жобаларды қаржыландыру, микроқаржы ұйымдарына қаржы бөлінуде бақылаудың жоқтығымен байланысты елеулі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері белгілі болған. Сондай-ақ, тұрақтандыру қорының қызметін ұйымдастырудағы жүйелі проблемалар да бар.
«Мәселен, Жуалы ауданы әкімдігінің хаты негізінде ЖК «A»-ға тұрақтандыру қорынан 1 тонна қант, 500 келі күріш және 500 литр өсімдік майы, сол сияқты Меркі ауданы әкімдігінің хаты негізінде ЖК «Б»-ға тұрақтандыру қорынан 10 тонна қант жеңілдетілген бағамен бөлінген. Яғни, тұрақтандыру қорынан азық-түлік тауарларын өткізу жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының «сілтеуімен» жүзеге асырылады, олар тауарды қандай кәсіпкерлер арқылы өткізу керектігін көрсетеді», - деп атап өтті Дәурен Омаров.
Ал ол кәсіпкерлер тауарды арзан бағамен алып, оны қымбаттатып сатуы мүмкін деп түсіндірді ол.
«Осылайша, ЖК қоймаларында сақталатын тауарларды түгендеу нәтижесінде жалпы сомасы 11 млн теңгеден астам сомаға 23 мың литр көлемінде күнбағыс майының тапшылығы анықталды», - деп хабарлады спикер.