«Әулие ата» халықаралық әуежайы» АҚ баспасөз қызметінен хабарлағандай, қазір Тараз әуежайына Чендудан (Қытай) ұшып келген бортында 392 тонна жүгі бар ең ірі ұшақтардың бірі - Aн 124-100 қонды.
Қалпына келтіру жұмыстарынан кейін «Әулие ата» халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағының ұзындығы - 3,5 км, ені - 60 метр. Бұл заманауи ұшақтардың барлығын қондыруға мүмкіндік береді.
Аумағы 5,5 мың шаршы метр жаңа жолаушылар терминалы бір сағатта 200 жолаушыға қызмет көрсете алады.
Қазір «Әулие ата» әуежайы Астана және Алматыға ұшатын бағыттарға қызмет көрсетеді.
«Әулие ата» халықаралық әуежайы үшін қазір Тараздан әлемнің кез-келген қаласына тікелей ұшақ ұшыруға және қабылдап алуға еш кедергі жоқ.