Жамбыл облыстық ТЖД басшысы Бағдат Данилов «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне берген сұхбатында мәлім еткендей, өрт жайында хабар сағат 10.12-де келіп түскен, жалын 10.50-де ауыздықталып, 11.33-те толығымен сөндірілген. «Дәмхана ғимараты толығымен жанып кетті. Өрттің жалпы аумағы 1 200 шаршы метрден астамды құрады. Онымен қоса, от жақын орналасқан тұрғын үй мен шаруашылық нысандарға ауысқан. Тұрғын үйдің шатыры бүлінген», - дейді Бағдат Данилов.
Төтенше жағдайлар департаментінен хабарланғандай, тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ.