«31 мамырда «103» дисптчерлік қызметіне консультативтік-диагностикалық медициналық орталығының 4-қабатты ғимаратында 60 жастағы күзетші жүк таситын лифттің шахтасына құлап кеткені жайлы хабарлама түсті, - деді ведомство баспасөз қызметінен. - Бұл ретте лифт бірінші қабатта болған, ал ол үшінші қабаттан құлаған».
Қазір күзетші ауруханада, оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде, деп нақтылады ТЖД баспасөз қызметінен.