Мерейтой иелерін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев арнайы барып құттықтап, мерекелік сый-сыяпат жасады.
Аймақ басшысы спортшыларды құттықтай отырып, Тараздың футбол мектебі Сейілда Байшақов бастаған жарқын және талантты аяқдоп шеберлерін елімізге сыйлағанын атап өтті.
«Сейілда Байшақовтың СССР футбол құрамасында ойнауы тегін емес. Ол өзін соған лайық екенін дәлелдеді. Біз сол жылдары теледидар алдына жайғасып, ұлы аяқдоп шеберлерінің ойының үзбей тамашалайтынбыз. Қазіргі Қазақстан құрамындағы белді футболшылардың біразы Тараз мектебінен шыққаны қуантады. Бұл қатарда Бауыржан Исламхан, Бахтиер Зайнутдинов, Еркебұлан Сейдахмет бар. Олар бүгінде шетелдік футбол клубтарында да ел мерейін тасытып жүр», - деп атап өтті Б.Сапарбаев.
Өңір басшысы Сейілда Байшақовқа сәнді шапан жауып, бөрік сыйлады. Ал «Тараз» футбол клубына 5 миллион теңгенің сертификаты табысталды.
Салтанатты шарадан кейін әр жылдары «СССР» және ірі футбол клубтарында өнер көрсеткен «Тараз» және «Қайрат» құрамаларының ардагерлері жасыл алаңға шықты. Олардың қатарында «Тараз» футбол командасының қазіргі жаттықтырушысы Владимир Никитенко, жастар құрамасының бұрынғы бас бапкері Сергей Тагиев, ардагерлер арасындағы ел және Азия чемпионы Александр Мазманян, «Қайрат» құрамасының екі дүркін чемпионы Қайрат Айменов, «Тараздың» үздік бомбардирлері Анатолий Бельский, Нұрмат Мырзабаев, Ерлан Елеусінов, Асқар Күшекбаев та бар. Ваит Талгаев пен Виктор Катков жаттықтырушы миссиясын орындады.
Бердібек Сапарбаев пен Сейілда Байшақов ала допты ойынға қосып берді. Тартысты кездесудің алғашқы кезеңінде ардагерлер әлі де ширақ екендіктерін байқатып, бірнеше өткір шабуылдар ұйымдастыра алды. «Тараз» және «Қайрат» ардагерлер арасындағы жолдастық кездесу 5:5 есебімен аяқталды.
Жолдастық кездесуден кейін Сейілда Байшақов іс-шараны ұйымдастырған облыс әкімдігіне және «Тараз» футбол командасына алғысын білдірді.
«Осы шараның арқасында біз қайта басымыз қосылып, өткенді еске алдық. Өкінішке орай, бізбен бірге ойнағандар қазір арамызда жоқ кейбір командалас